Макгрегор UFC-дің жеңіл дивизионына оралғанын жариялады
Макгрегор UFC-дің жеңіл дивизионына оралғанын жариялады
188
оқылды
Ирландиялық аралас стильдегі күрескер Конор Макгрегор өзінің мансабын абсолютті жекпе-жек чемпионатында (UFC) жеңіл салмақ дивизионында жалғастыратынын мәлімдеді.

" McGregor fast зертханасынан келдім. Денені толық қарап шығу аяқталды, жеңіл салмақтағы дивизион жақын", - деп жазды Макгрегор өз Twitter-де.

Соңғы рет Макгрегор октагонға 2020 жылдың 18 қаңтарында шықты. Сол кезде ол бірінші раундта Дональд Серронды нокаутқа жіберді. Барлығы Ирландиялықтың есебінде 22 жеңіс және төрт жеңіліс бар.