ҚХР ғалымдарының зерттеулері көрсеткендей, көзілдірік киетін адамдар коронавирусты әлдеқайда аз жұқтыруы мүмкін.
– Қытайда зерттеу жүргізілді, көзілдірік киетін адамдар COVID-19 вирусын бес есе аз жұқтырады, – дейді Openbios форумы алаңында биология ғылымдарының докторы, Новосибирск мемлекеттік университетінің бионанотехнология, микробиология және вирусология зертханасының меңгерушісі Сергей Нетесов.
Сондай-ақ, сарапшы қытайлық мамандардың зерттеулері көрсеткендей, вирус теріде 12 сағатқа дейін өмір сүреді дейді. Сондықтан қолды жуу – бұл өте маңызды алдын-алу шарасы, бірақ қолыңызды бетіңізге тигізу вирустың ағзаға ену мүмкіндігін арттырады.