31 қазанда коронавирустың 535 928 жағдайы анықталды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус ауруы бойынша жаңа антирекорд тіркелді деп хабарлайды.Бұл туралы Аikyn.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды.
ДДҰ бас директоры Тедрос А.Гебрейесус адам ағзасына әсер ететін коронавирустық инфекцияның салдарын атап өтті. Өкпе мен жүректің зақымдануы өте қауіпті. Сонымен қатар, COVID-19-дан кейінгі ағзаның қалпына келу процесі бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.
Сондай-ақ, Еуропада жаңа жағдайлардың 80 пайызға жуығы мутацияланған коронавируспен байланысты, бұл бүкіл әлемді осы көктемде басып алған вирустан өзгеше. Жаңа вирусқа атау да берілді – 20A.EU