«Оқ тесіп өткен» – Алматы дәрігерлері жараланғандардың жағдайын айтты
«Оқ тесіп өткен» – Алматы дәрігерлері жараланғандардың жағдайын айтты
5,155
оқылды

Зардап шеккендер Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада жатыр.

№4 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Анарбек Монгол: «31 қазанда ауруханаға оқ жарақатымен екі науқас түсті. Диагноз: оң жақ төменгі және сол жақ төменгі аяғына да оқ өткен. Екі науқас та профильді бөлімшеге жатқызылып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Науқастар Алматы облысының Іле ауданынан келіп түсті. Бүгінгі жағдай бойынша науқастардың жағдайы орташа ауыр, есін жинады, хаттама бойынша ем алып жатыр», – деді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы маңындағы Байсерке ауылында атыс болғанын хабарлаған болатынбыз.