Шымкентте өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты шығарыла бастады
Шымкентте өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты шығарыла бастады
5,174
оқылды

Кәсіпорын тәулігіне 20-25 құрылғы шығара алады.

Кәсіпорыннан мониторлар, диспенсерлер, импульстік оксиметрлер, анализаторлар – барлығы 32 медициналық құрал-жабдықтар түрін сатып алады.

«Өздеріңіз білесіздер, коронавирус өршіген кезде аппараттар қажет болды. Біз Kazmedpribor компаниясымен осындай құрылғыларды шығару мүмкіндігін талқыладық. Өнімдер сертификаттаудан өтті, кәсіпорын аппаратты шығаруды бастады. Аптаның аяғына дейін алғашқы 88 ӨЖЖ аппараты жергілікті ауруханаларға жеткізіледі. Жақын арада ауруханалар мен емханалар Шымкентте шығарылған жабдықтармен қамтамасыз етіледі», – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.