«Huawei ICT Kazakhstan 2019-2020» байқауына Алматы мен Нұр-Сұлтаннан 1000-нан астам студенттер қатысты.
Huawei ұйымдастырған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Huawei ICT Kazakhstan 2019-2020 байқауының ұлттық финалының қорытындысы бойынша, 2020 жылы Қытайда өтетін халықаралық жарыстың финалында Қазақстан атынан шығатын үш студент анықталды. Мерекелік марапаттау рәсіміне жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ байқау нәтижелері бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен екі қаланың 10 студенті қатысты.
Құттықтау сөз сөйлеу барысында «Huawei Technologies Kazakhstan» ЖШС бас директоры Чжан Цинго мырза жарысқа қатысушыларға: «Біздің алдымызда Қазақстанның инфокоммуникациялық саласының болашағын құрайтын жастардың тұрғанына үмітттеніміз және ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Қытайдағы 50 елдің арасында өтетін халықаралық финалда Қазақстанды лайықты қорғайды деп сенеміз. IT индустриясының жетекші өкілі ретінде Huawei үшін маңызды бағыттардың бірі - АКТ саласындағы білім беру, ғылыми және қолданбалы қызметтерді жылжыту және болашақта біз осы саладағы жастарды ынталандыруға жағдай жасап, күш салатын боламыз» деген лебізін білдірді.
23 қыркүйекте басталған жарысқа астаналық және алматылық ҚазҰУ, АЭжБУ, СДУ, ҚБТУ және ЕҰУ университеттерінің студенттері қатысты. Биыл қатысушылардың жалпы саны 1000 адамнан асты. Бірінші іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша ең жақсы көрсеткіштері бар 70 оқушы анықталды, олардың ішінде жарыстың соңғы кезеңінде ең жоғары нәтиже көрсеткен 10 студент анықталды.
Марапаттау рәсімі кезінде Huawei өкілдері 2020 жылдың мамыр айында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін халықаралық финалға баратын үш жеңімпазды жариялады.
Байқау алғаш рет 2015 жылы басталып, тек Қытайда өтіп келді. Алғашқы жылы қатысушылар саны
7550 студент болды. Кейіннен байқау географиясы Ұлыбритания, Италия, Австралия, Египет, Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей, Үндістан және т.б. елдерден 40 000-нан астам қатысушыға жетті.
Ұлттық кезеңнің нәтижесі бойынша бірінші орынға Еуразия Ұлттық Университетінің өкілі Ақниет Нұржаубаев, екінші орынға Еуразия Ұлттық Университетінің өкілі Берік Абдрахман , үшінші орынға 2 студент - Қазақ Ұлттық университетінің атынан шыққан Айдана Байзаханова және Еуразия Ұлттық Университетінің өкілі Әлішер Әнуарбек бірден ие болды.
Әлемнің түкпір-түкпірінде Huawei талантты жас мамандар мен жаңашыл ғалымдарды дамыту мен ынталандыруды мақсат ететін жобаларды жүзеге асыруда. Қазақстанда бүгінгі таңда бірнеше бастамалар белсенді жұмыс істеп келуде, олардың бірі - бірқатар жетекші университеттердің негізінде құрылған Huawei ақпараттық және желілік технологиялар академиясы. HAINA ғылыми-білім беру жобасы (Huawei авторландырылған ақпараттық және желілік академиясы) АКТ және телекоммуникация саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау алаңына айналып үлгерді.Академия зертханасы оқытудың жаңа технологияларымен жабдықталған. HAINA академияларының оқытушылары - университеттің тәжірибелі профессорларынан құралған. HAINA бағдарламасын аяқтаған студенттерге IT индустриясында мансап құру үшін Huawei сертификатын алу емтиханына қатысуға мүмкіндігі беріледі.
2018 жылы Huawei Қазақстанда алғаш рет талантты жас мамандарды қолдауға және оларды озық АКТ технологияларымен таныстыруға арналған Seeds for the Future ғаламдық бағдарламасын іске қосты. Бұл жоба университет студенттеріне олардың кәсіби шеберліктерін жетілдіруге, халықаралық көзқарастарын кеңейтуге, оларды зерттеуге және болашақ зияткерлік қоғамның қозғаушы күшін құруға көмектесетін кең алаң ұсынды. Бағдарлама нәтижесінде жұмыс істеген жылдар ішінде Қазақстан жоғары оқу орындарының 20 студенті Қытайда алдыңғы қатарлы АКТ технологиялары бойынша білім алып үлгерді.
Жарыстың жеңімпаздары Huawei компаниясының сертификаттары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.