Қасқалдақ атқандар ұсталды
Қасқалдақ атқандар ұсталды
233
оқылды

Қызылорда облысында қасқалдақ аулап, заңсыз аңшы­лықпен айналысқан 3 азамат ұсталды. Олар 33 қасқалдақ атып алған.

Облыстың Арал ауданы полиция  бөлімінің мамандары  қарашаның 1-күні жүргізген рейд кезінде әлгі аңшыларды қолға түсіріпті. Кіші Арал маңында  полициялар  «Нива» көлігін тоқтатып, тексеру жүргізген.  Нәтижесінде,  көліктен 56 келі сазан, 37  құс табылған. Сонымен қатар 140 дана оқ тәркіленіпті. Бұл құстардың 33-і қасқалдақ болса, қалғаны қаз-үйрек екен. Қазір аталған  аңшылардың үстінен Қылмыстық кодекстің  337-бабы 1-бөлігі «Заңсыз аңшылық» айыбы бойынша іс қозғалды.

А.СҰЛТАН