Босанған әйел мен оның сәбиінің өліміне қатысты полиция пікір білдірді
Босанған әйел мен оның сәбиінің өліміне қатысты полиция пікір білдірді
5,140
оқылды

«Биыл тамыз айында Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының қызметкерлеріне қатысты босанған әйел мен оның жаңа туған сәбиінің қайтыс болу фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру актісі түсті. Бұл дерек бірден Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта бұл деректі Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы тергеп жатыр. Қажет сараптамалық зерттеулер тағайындалды», – дейді департамент өкілдері.

Біз бұған дейін босанған әйел мен оның сәбиінің өлімі туралы жазған болатынбыз.