Балаларын пышақтаған әйелге қатысты сот үкімі шықты
Балаларын пышақтаған әйелге қатысты сот үкімі шықты
154
оқылды

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, балалардың анасы Әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығының жатақханасында болған.

Ол ас үйдегі пышақпен 2016 және 2018 жылғы балаларын жарақаттаған.

Әуел баста әйелдің кісі өлтіру әрекеті үшін сотталғаны айтылады. Бірақ кейіннен прокурор ол бапты «денсаулыққа ауыр зиян келтіру» деп өзгерткен.

Сондықтан әйел орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді. Алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.