Байзақтықтар асарлатып алты отбасыға үй тұрғызып берді
Байзақтықтар асарлатып алты отбасыға үй тұрғызып берді
374
оқылды

Жамбыл облысында «Асарлатып үй салу» жобасы жыл басында жанданғанын жұртшылық жақсы біледі. Сол сәтте алғашқылардың бірі болып Байзақ ауданы баянды бастамаға үн қосқан болатын. Енді міне аталған елді мекен 6 үйді тапсырып, бұқараның алғысына бөленіп отыр.

– «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Сазтерек ауылдық округінде кезекті тұрғын үйді пайдалануға бердік. Бұл жолы тұрмыстық жағдайы төмен, ІІ топтағы мүгедек Бақтыбек Оспанқұловтың жанұясы қуанышқа бөленіп отыр. Ауыл тұрғындары ауызбіршілігін көрсетіп, көмек көрсетуден аянбады. Игі істен аудан аумағындағы мекемелер де шет қалмауда. Мәселен, Байзақ аудандық ормандар және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі қоныстойын тойлап отырған отбасына жиһаз сыйға тартты, – дейді Байзақ ауданының әкімі Нұржан Нұржігітов. Асар Жыл соңына дейін Байзақ ауданында қосымша 11 елді мекенде аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі отбасыларына тұрғын үй кілті тапсырылады деп күтілуде.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы