Тоқаев Венада болған терактіге қатысты пікір білдірді
Тоқаев Венада болған терактіге қатысты пікір білдірді
181
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венада болған терактіге қатысты пікір білдірді. 
"Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетейік, 2 қараша күні кешке Австрия астанасы Вена қаласында белгісіз адамдар оқ атты. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметі бойынша қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар.