«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы алматылықтарға қолдау көрсетуде
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы алматылықтарға қолдау көрсетуде
1,311
оқылды
«Nur Otan» партиясының басты міндеттерінің бірі «Кедергісіз келешек» жобасын табысты іске асыру болып табылады, оның негізгі мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу. Алматы бұл тұрғыда тұрақты көшбасшы орынға ие болды, - деп хабарлады «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі. 2013-2019 жылдары мегаполисте 3 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделді. Ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қосымша 300 нысан қолжетімді болды. Алдағы жылы Алматы қаласының Медеу және Алатау аудандарында мүгедек балаларға арналған күндізгі бөлімшелер жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін 360 орындық интернат үйін ашу жоспарланған. Журналист Меруерт Сүлейменованың айтуынша, «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы барлық төрт басымдықты толық ақтайды.
«Бірінші басымдық – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз орта» құру. Екінші басымдық – инклюзивтік білім беруге жәрдемдесу, мұнда мәселе ең алдымен балалар туралы болып отыр. Үшінші басымдық-мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз бетінше табыс тауып, өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жұмысқа орналасуға көмектесу. Төртінші басымдық-еліміздің осы саладағы заңнамасын жетілдіру», - деп түсіндірді Меруерт Сүлейменова.
Осы жобаны іске асыру мониторингі бөлігінде «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, Алматы қаласының қоғамдық кеңесімен, «Алматы қаласының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз өзара әрекет жасайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 40 бірлескен сапар өткізіліп, 233 нысан тексерілді, олардың нәтижелері бойынша тиісті ұйымдардың басшыларына ұсынымдар берілді. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы партияның сегіз аудандық филиалынан тұрады және өз қатарында 59 мың адам бар, олар 667 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.