Баласының «өлімін» пайдаға жаратқан ана
Баласының «өлімін» пайдаға жаратқан ана
182
оқылды

Қазақстандық әйел Оңтүстік Корея клиникасында қатерлі ісіктен қайтыс болған жеті жасар қызының денесін ала алмайтынын айтып, халықтан ақша жинап, алаяқтық жасаған.

Бұған дейін Мадина Айдан өзінің қайғылы оқиғасын жергілікті порталда жазып, кішкентай қызы Инабат онкологиямен ауыр­ғанын айтқан. Оны Оңтүстік Кореяға өз қаражатына апарғанын, алайда емдеу кешіктіріліп, қыз клиникада қайтыс болғанын жет­­кізіп көмек сұраған. Артынша қыздың денесін алу үшін клини­­­каның ақшасын беру керек деп өтірік айтқан. Әйел тек  685 доллар сұраған. Алайда кейінірек Мадина Айданның Инабат есімді қызы және тағы үш баласы бар екені белгілі болды. Бірақ олардың барлығы сау болып шықты. Келіншек сенімді болу үшін ремиссия кезеңінде лейкемиямен шынымен ауырған, Алматы облысының тұрғыны 8 жа­­­­сар Камилла Реброваның фотосуреттері мен құжаттарын алды. Мадина өзінің байланыстары мен банктік деректемелерін ғана көр­­­­сеткен. Жанашыр қазақстандықтар Мадина Айданға жоқ қарызды төлеу үшін 970 мың теңге аударған болып шықты. Кінәсін мойын­даған әйел барлық жиналған ақшаны Камилла Реброваның ата-анасына апарып, картаны жауып тастады. Ребровтар отбасы мен еріктілер жиналған қаражатты емделуге мұқтаж балалар арасында қайта бөлу туралы шешім қа­был­дады.

Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ