Түрік құтқарушылары жер сілкінісінен 65 сағат өткеннен кейін үйінді астынан 3 жасар қызды қалай тапқанын айтты.
"Біз оның даусын естідік. Жақындаған кезде қыз бәрі жақсы екенін және аты Айда екенін айтты. Бетонды ашып, қыздың кір жуғыш машина мен ыдыс жуғыш машина арасындағы бос жерде екенін көрдік. Біз одан қолын сермеуін сұрадық. Ол қолын бұлғап, жымиды", – деді құтқарушылардың бірі.
Сондай-ақ құтқарушылар 3 жасар қыздың жарқылдаған көзі таңғалдырғанын айтты.
[caption id="attachment_85105" align="alignnone" width="750"] Фото: ашық дереккөзден[/caption]
Қыздың әкесі аман қалған. Ал анасы, өкінішке орай, қайтыс болды. Баланы тапқаннан бірнеше минут өткен соң анасының денесі қоқыс астынан шығарылған.