Бірнеше облыста ауа райы күрт құбылмалы болады
Бірнеше облыста ауа райы күрт құбылмалы болады
133
оқылды

Тек қана батыс, солтүстік және шығыста ғана атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жауын-шашын жауады.

Бірнеше аймақта қар аралас жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстік-шығыста көктайғақ болады. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 18 метр жылдамдықпен ұйытқиды, көктайғақ болады. Ақмола, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының, түнде және таңертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.