Жол апатына себепкер жүргізушінің кесірінен жолаушы қайтыс болды
Жол апатына себепкер жүргізушінің кесірінен жолаушы қайтыс болды
5,163
оқылды

Жол апатынан бір адам қайтыс болды.

49 жастағы жүргізуші басқа көліктерді басып озып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Бірнеше автокөлікпен соқтығысқан.  30 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алған екі жолаушы Қаскелең ауруханасына жеткізілді.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев: «Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Іс бойынша қажет сараптамалар тағайындалды», – дейді.