«Бүкіл сынып бірге оқиды» – жалғыз мұғалімі бар мектептің жайы
«Бүкіл сынып бірге оқиды» – жалғыз мұғалімі бар мектептің жайы
214
оқылды

Гигант ауылдық округіне қарасты Ақтам елдімекеніндегі бастауыш мектепте бар-жоғы 6 оқушы бар. Оны ауылдағы жалғыз мұғалім оқытады.

«Қиындығы, бір сыныпта 1-ден 4-ке дейінгі сынып оқушылар отырады. Қырық минутта бүкіл төрт сыныпқа сабақты сұрап та түсіндіріп те үлгеруім керек. Мен қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, орыс тілі, музыка сияқты негізгі пәндерден сабақ беремін», дейді Ақтам бастауыш мектебінің мұғалімі Сандуғаш Кершебаева.

Шиелі ауданынан 15 шақырым қашықтықта жатқан бұл елдімекенде 50-ден аса тұрғын бар. Ауыл тұрғындары, негізінен, мал шарушылығымен күнелтеді. Мұндағы білім ордасының салынғанына отыз жылдан асқан. Мұнда балалар бесінші сыныпқа дейін оқиды. Бірақ оқушыларға білім алуға жайлы жағдай қарастырылмаған. Аудандық білім бөлімі аталған мектепті тексеруге уәде етті.

«Алты балаға 4 қызметкер жұмыс істеп, білім беруде. 20 орынға арналған мектеп 1987 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта күрделі жөндеуді қажет етеді. Оның бір кемшін тұсы – спорт алаңы жоқ, осы мәселе қарастырылмаған», деді Шиелі аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Дәурен Нәсібеков.

  https://youtu.be/HIuYtIESbUY