«Ақша төлеудің қажеті жоқ» – ақылы автотұрақ мәселесі
«Ақша төлеудің қажеті жоқ» – ақылы автотұрақ мәселесі
203
оқылды

Бұл туралы ресми түрде қала әкімдігі хабарлады.

Ал бұған дейін ақылы автотұрақ белгісі орнатылған аумақтарда төлем жасалған қаражатты қайтару туралы кейінірек хабарланады. Бұл туралы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бөлім басшысы міндетін атқарушы Марат Есеркепов мәлімдеді.

«Сіздерге «Парковочное пространство Астаны» ұйымының паркоматтары жұмыс істемеуі керек екенін хабарлаймыз. Олар ресми рұқсат алмаған. Азаматтарға «Нұржол» гүлзарын қоспағанда, бұл орындарға ақы төлеудің қажеті жоқ.

Паркоматтарды пайдалануға рұқсат алынбағандықтан, қалалық бюджетке қаражат түспеген, ал іс жүзінде адамдар серіктестіктің рұқсат етілмеген паркоматтарына ақша төлеген кезде, ақша серіктестіктің өзіне аударылған», – деп түсіндірді Марат Есеркепов.

Көлік басқармасы мемлекеттік кірістер департаментіне «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-на қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау мақсатында хат жолдады. «Қазіргі уақытта біз мемлекеттік кірістер департаментінің шешімін күтіп отырмыз, жауап алғаннан кейін төлем қарастырылмаған тұрақ орындары үшін алынған қаражатты қайтару механизмі туралы қосымша ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады», – деп түсіндірді Марат Есеркепов. Еске салайық, Нұр-Сұлтан әкімдігі келісімшарттық міндеттемелерді орындамағаны және талаптарды елемегені үшін сотқа «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы арыз берген. Жабдықты бөлшектеу қажеттілігі туралы серіктестікке бірнеше рет хабарлама жіберілді, өтініштер еленбеді. «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-ның бірнеше бұзушылықтары мен тұрғындардың шағымдарына байланысты елорда әкімдігі жобаны кеңейтуді тоқтата тұру туралы шешім шығарып, келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берді. https://youtu.be/c_99gTIjeTo

Еске сала кетейік, біз бұған дейін «Ақылы тұраққа «ат байлауға» дайынсыз ба?» деп осы мәселені жазған болатынбыз.