Басшылар қызметкерлерін күн сайын жаттықтыруға міндеттелді
Басшылар қызметкерлерін күн сайын жаттықтыруға міндеттелді
5,196
оқылды

Бұл ережелер «Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс негізінде қабылданды.

Жұмыс берушілер физикалық жаттығулар кешенін орындалатын жұмыс түріне, еңбек жағдайына, қызметкердің жасына және жынысына байланысты әзірлеуі керек.

Физикалық жаттығулар өткізілетін бөлмелер үнемі тазалықта болуы керек. Оны дене шынықтыру алдында желдету қажет.

Орташа алғанда, әр жұмысшы үшін кемінде 1,5 шаршы метр бос орын болуы керек.

Ережеге сәйкес, дене жаттығулары жұмыс күнінің бірінші жартысында орындалып, ұзақтығы 10-15 минуттан аспайды. Бұл жағдайда дене жаттығуларының жиынтығын әр 3-4 апта сайын өзгертіліп отыруы керек, ол 2-3 минутқа созылатын денені қыздыру мен негізгі гимнастикадан тұрады.

Денені созу немесе иілу, бас пен денені айналдыру және саусақтарды қимылдату, сондай-ақ қолдар мен аяқтарға арналған айналмалы жаттығулар жасалады.

Бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрлігі қадағалауы тиіс.