Досына сенген Қадыров үйінен айырылып, далада қалды
Досына сенген Қадыров үйінен айырылып, далада қалды
139
оқылды

Басына іс түскен достарына көмектесемін деп үйінен айырылған көкшетаулық араша сұрап, Президентке де хат жазған.

«Еуразия бірінші» арнасының хабарлауынша, 2004 жылы Қадыровтан танысы ақша сұрап, көмектесуді өтінген. Ол үйін кепілге қойып, таныстарына кредит алып беруді сұрайды. Банк Қадыровқа кредит беруден бас тартқанда, таныстары өз атына сенімхат жазып беруін сұрайды. Қадыров уақыт өте келе өзінің үйі басқа адамдардың атына тіркелгенін кеш біледі. Есқажы Қадыров сотта сенімхаттың дұрыс еместігін дәлелдеуге тырысқан. Бірақ  үйін қайтара алмаған. Құжаттардағы қателіктерге қарамастан, сот істі Қадыровтың достарының пайдасына шешкен. Досына сеніп, далада қалған Қадыров күдіктілер жазаланса дейді.

Баспана дауына қатысты ресми органдар білікті адвокат жалдамағандықтан Қадыров үйінен айырылып қалды деп мәлімдеген.