Алматыда жолаушылар автобусы бес жасар қызды қағып кетті
Алматыда жолаушылар автобусы бес жасар қызды қағып кетті
5,244
оқылды

Кішкентай қыз бағдаршамның қызыл түсі жанғанына қарамай жолдан кесіп өткен. Оның жанында анасы мен ағасы болған.

«Голден Дракон» маркалы автобустың 1968 жылы туған жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта Жароков көшесінің қиылысында екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Олар – 1983 жылы туған А. есімді келіншек пен оның 2015 жылы туған қызы. Сондай-ақ апат салдарынан автобустың бір жолаушысы зардап шекті», - дейді Алматы қаласы ПД тергеу бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.

Зардап шеккендер ауруханада жатыр. Жол апатына байланысты тергеу басталды.