Дәрігерлер Алматыда автобус қаққан 5 жасар қыздың жағдайын айтты
Дәрігерлер Алматыда автобус қаққан 5 жасар қыздың жағдайын айтты
252
оқылды

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бес жасар қыз Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына 4 қараша күні кешке жеткізілді.

Басқарма өкілі: «Жол апатынан жарақат алған кішкентай қызды мамандар толық тексеріп шықты. Оның жағдайы орташа деп саналады. Оған жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Оны ауруханаға жатқызып емдеу ұсынылды, бірақ ата-анасы ауруханаға жатудан бас тартты», – деп хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жолаушылар автобусы бес жасар қызды қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.