Мәжіліс сайлауына қатысатын 6 саяси партияның тізімі бекітілді
Мәжіліс сайлауына қатысатын 6 саяси партияның тізімі бекітілді
138
оқылды
2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Парламент Мәжілісі сайлауына 6 саяси партия қатысады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, - деп жазады azattyq-ruhy.kz. Смағұловтың айтуынша, Қазақстанда заңнама аясында жұмыс істеп жатқан 6 саяси партия бар.
«Әділет министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 6 саяси партия тіркеліп, жұмыс істеуде. Оларды қайта құруға немесе таратуға уәкілетті органдар тарапынан құқықтық негіздер жоқ. Демек, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына осы тіркелген саяси партияның барлығы жіберіледі. Оларды сайлауға жіберуден бас тартуға құқықтық негіздер жоқ», - деді Асылбек Смағұлов.