Сынақтан сүріндірмеу формуласы
Сынақтан сүріндірмеу формуласы
389
оқылды

2000-шы жылдардың бел ор­тасында отандық сая­саттану саласындағы   беделді сарапшы ТМД елдерінің барлығы шама-шарқы келгенше «тәуелсіздік тестінен» өтуі тиіс деп айтқан болатын. Оның мәнісі – аталған мемлекеттерде биліктің сәтті ауысу мәселесі еді. Сол диа­логтен бері арада 15 жылдай өтті. Алайда аталған сынақтың маңыздылығы әлі де жоғалған жоқ. Сол уақыттан бері бір елдер билік ауыстырып, тер­риториясының жартысынан айырылса, басқаларында сая­си дағдарыс басталды. Ал Қа­зақстан сөз болған «еге­мен­дік емтиханынан» қалай өтті? Билік транзитінен кейін біз қандай сын-тегеуріндерді бастан кештік?

2019 жылдың 19 наурызынан соң Қазақстан қоғамы белгісіздік белдеуінде қалды. 30 жылдай мемлекет басында болған Елбасы өкілеттілігін өз еркімен тоқтатқан соң ел ертеңіне алаңдағаны рас. Бұл – кез келген қоғам үшін қа­лыпты жағдай. Себебі тұрақ­тылыққа бойы үйренген жұрт күрделі өзгерістерге даяр бола қой­майды. Мұны өзгерістерді бас­қару (Change management) саласы да дәлелдеген. Алайда сайлауда халықтың 70 пайыз сеніміне ие болған Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы саясатын жалғастыратынын мәлімдеді. Саясат сабақтастығы сол кезеңде сарапшы қауым, электорат үшін аса маңызды фактор болып көрінбеген болар. Дегенмен тек Қырғыз Республикасындағы соңғы 2 жылда болған саяси өзгеріс, қақ­тығыс, дағдарыс билік тран­зи­тіндегі сабақтастық саяси жүйеге қаншалықты қажет екенін көрсетті. 29 жылда қалыптасқан бағытты жалғастыра отырып, тың рефор­маларды қолға алу Қазақстан қоға­мына қажет рецепт екенін был­тырдан бері көріп келеміз. Оған қоса, жергілікті және шетелдік инвесторлар да қашанда тұрақ­тылық пен келешекке анық стра­тегия сұрайды. Ол стратегия – барды бағалап, сақтап, жаһандану талаптарына сай заманауи мем­лекетті қалыптастыру, дамыту. Аталған формула тек қоғамды радикалды серпілістерден сақтап қоймайды, сондай-ақ мем­­лекеттік қызмет аппаратына Пре­­зиденттің жаңа бастамаларын икемді жүзеге асыруына жағдай жасайды. «Естуші мемлекет». Интернет, әлеуметтік желі дамыған сайын әрі тәуелсіздік жылдары есейген жаңа көзқарастағы ұрпақ оқу тәмамдап, қызметке араласа бастаған соң мемлекеттік жүйеде саяси өзге­­­рістер қажет екені 2013-2015 жыл­дардан бері байқала бастады. Осы кезден көптеген үкіметтің «жоға­рыдан басталып, төмен түсірілген» жаңа бағдарламалары сәтті шықпай жатты. Оның бірден-бір себебі – маңызды мемлекеттік бастамаларда азаматтық қоғамның пікірі ескеріле бермеді. Айтылған ойға құлақ түрілсе де, назарға алынбады. Аталған өзге­­рістерге деген сұраныс был­­тырғы сайлауда түрлі митинг, қозғалыс ретінде көрініс таба бастады. Қоғамдағы мұндай тектоникалық өзгерістерді елемеу мүмкін емес еді. Осы жағдаятты ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың митинг туралы, парламенттік оппозиция туралы жаңа заңды даярлауға тапсырма беруі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы, оның құрамына көбіне еркін ойлы белсенділердің шақырылуы, «Жала жабу туралы» бапты Қылмыстық кодекстан алып тастауды, саяси партияларды тіркеу талаптарын жеңілдетуді талап етуі Қазақстанда либерализм толқыны басталғанын көрсетті. Мәселен, бұрын жергілікті әкімдіктер «қатер» ретінде қатыстыратын қарапайым митинг, ереуілдер енді заңға қарсы келмесе, рес­пуб­ликаның кез келген қаласының орталығында өтуіне рұқсат. Бұл саяси өзгерістердің мақсаты қоғам мен саяси жүйені ашық ету екені анық. Себебі демократиялық про­цессіз мемлекеттің эконо­микалық өркендеуі мүмкін емес екенін Ба­тыс Еуропа елдерінің сан ға­сырлық тәжірибесі дәлелдеді. Бұл тұжы­рымды Президент былтыр 2 қыр­күйектегі Жолдауында «Саяси мо­дернизациясыз экономикалық реформалар мүмкін емес» деп тағы да шегелеп, қайталап айтты. Яғни, «ашық қоғам = дамыған мемлекет» формуласы іске аса бастады. Президент өзгерістерді «естуші мемлекет» концепциясының ая­­сында жүзеге асыра бастады. Назар аударатын бір жайт бар. Аталған концепция әдеттегі сайлауалды уәде ретінде кейін ұмыт қалған жоқ. Керісінше, нақты қабылданған шешімдерге ұласты. Алдымен Пре­зидент Әкімшілігінде өтініш­терді қарауды бақылау бөлімі құрылып, азаматтардың арыз-шағымы ерекше назарға алынды. Қазір бизнесте, сервис саласында кері байланыс (feedback) маңызды рөл ойнайтын кезде билік өз халқының назын, ой-пікірін елеу­сіз қалдыра алмайды. Уақыт талабы. Оған қоса, Мемлекет бас­шысы Ұлттық қо­ғамдық сенім кеңесі мүшелерін жеке қабылдап, сал­мақты ұсыныс­тарды мем­ле­кеттік шешімге айнал­дырды. Мә­селен, бала құқығын қорғауға ерекше назар аудару, педофилияға, бра­коньер­лікке қарсы жазаны қа­таңдату, әйелдер мен жастарға Пар­ламент пен мәслихатта арнайы квота бөлу, ұлттық компа­ния­лар­дың басшы­лығында әйел­дердің үлесін арттыру, Эколо­гиялық ко­дексті қабылдау – бел­сенді аза­маттардың сұраны­сынан, сәй­ке­­сінше оларға құлақ түруден туған президенттік қадам­дар деп айтуға болады. Бұдан бөлек, бұл өзгерістер жаһандық трендтегі мәселелер еке­­­ні белгілі, яғни Қазақ­стан өр­кениетті ел ре­­­тінде әлемдегі ал­дыңғы қатарлы үрдіс­терден сырт қала алмайды. «Халық айтса, қалт айт­­­пайды». Ескі нақыл әлі де маңызды. Сынға толы 2 жыл. Жыл сайын Дүниежүзілік банк, Deutsche Bank, Халықаралық валюта қоры, The Economist журналы, Кембридж университеті әлемді күтіп тұрған негізгі қауіп-қатерлерге қатысты өзінің болжамын жариялайды. Әрине, барлығы орындала бер­мейді. Аяқасты туындайтын фак­торлар аз емес. Мәселен, Кембридж университеті былтыр 2020 жылы төнетін қатерлердің тізімінде эпи­демияны 15-орынға қойған екен. Ал биылғы статус-кво мүлде басқа: коронавирус эпидемиясы әлемге бұрын-соңды болмаған шығын әкелді. Қасым-Жомарт Тоқаев Мем­лекет басшысы атанғанда оның келешектегі миссиясы, рөлі, жос­пары туралы түрлі долбар айтылды. Алай­­да ешбір отандық не шетел­дік сарапшы, аналитикалық орталық (think tank) 5 жылдық президенттік мерзім сан түрлі сынақтан бас­талады деп болжай алған жоқ. Арыстағы жарылыс, Қордайдағы қақтығыс, Мақтааралдағы су тас­қыны, коронавирус пан­демиясы, мұнай бағасының құл­дырауы, отандық және әлемдік экономика дамуының бәсеңдеуі және тағысын тағылар. Сөз жоқ, мұндай қауіп-қатерлердің алдын алу туралы нұс­қаулық не рецепт жоқ. Ал олар бола қалса, оны еңсеру әдістері де дайын емес. Әр жайтты бөлек қарастыру керек. Бірақ Президент барлық сын-тегеурінде салмақты, такти­калық емес, стратегиялық шешім­дер қа­был­дағанын айтқан жөн. Ол неден көрінді?

Интернет, әлеуметтік желі дамыған сайын әрі тәуелсіздік жылдары есейген жаңа көзқарастағы ұрпақ оқу тәмамдап, қызметке араласа бастаған соң мемлекеттік жүйеде саяси өзге­­­рістер қажет екені 2013-2015 жыл­дардан бері байқала бастады. Осы кезден көптеген үкіметтің «жоға­рыдан басталып, төмен түсірілген» жаңа бағдарламалары сәтті шықпай жатты. Оның бірден-бір себебі – маңызды мемлекеттік бастамаларда азаматтық қоғамның пікірі ескеріле бермеді.

Алдымен Арыста қару сақталған қойма жарылғанда Президент сол күні-ақ кешке оқиға орнына барып, алаңдаулы халыққа басу айтып, сабырға шақырды. Қатты зардап шеккен үйлердің орнына жаңасы салынатынын, басқалары толық жөнделетінін айтып, уәде берді. Бұл көңілі күпті отырған елге сенім ұялатты. Ал сенім мұндай төтенше жағдайда маңызды факторға ай­налады. Уәде бірнеше айда орын­далды. Мақтааралды су басқанда да мүлде жаңа шағынаудан салынды. Яғни, Үкімет баспанасыз қалған жұртқа «өтемақшаң осы, керек үйді өзің салып ал» деп далада қал­дырмады. Қолдады, көмектесті, ел бойынша жаппай асар ұйым­дас­тырды. Бұл тек материалдық көмек емес еді. Қиын жағдайға қалған ешбір азаматты билік жападан жал­ғыз қалдырмайтынын, жауап­кер­шілікті өз мойнына алатынын шы­найы істе көрсету үлгісі болды. Ал Қордайда жергілікті қазақтар мен дүнген диаспорасы арасында қақтығыс тіркелгенде оқиға жылы жабылып қойған жоқ. Кісі өліп, қан төгілген соң ұлтына қарамай кінә­лілер әлі де жауапқа тартылып жатыр. Тергеу тоқтаған жоқ. Оған қоса, өңірдегі тіл, дін, білім, ұлта­ралық қатынас, жұмыс орны, инфрақұрылым және басқа да маңызды факторлар қайта қаралып, аталған түйткіл кешенді түрде шешілді. Яғни, осы арқылы Пре­зидент елде заң үстемдігі мен ұл­таралық келісім бәрінен де жоғары тұратынын тағы бір паш етті. Оған қоса, өңірде этносаралық кикілжің келешекте қайталанбаудың алғы­шарттары жасалды. Жүзжылдығын ойлаған тал егеді демекші, жоғарыда айтылған қадамдар алдағы бірнеше жылды ойластыра жасалғанын көрсетіп тұр. Коронавирус кесапаты. Кезінде Ницше: «Бізді өлтірмегеннің бәрі бізді қуатты қылады» деген. Де­­генмен биылғы әлемдік эпи­де­миялық сынақ Ницшенің айт­қанына сай келмей тұр. Өйткені коронавирус пандемиясы бұрын-соңды болмаған кеселді таратты, адам да, ақша да шығыны орасан. Аурудан аман қалғандарды қатты есеңгіретті. Қуатты қылғаны ша­ма­лы. Дерт іргеміздегі Қытай­ан бас­тау алған соң Қазақстан жыл­дам шекараны қымтап, төтенше жағ­дайды ерте жария­лағандардың қатарында болды. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі еді. Неге? Өйткені аурудың алдын ер­те­рек алмаса, оның асқынатыны анық болатын. Айталық, әліптің артын бағып, уақыт өткізіп алған Ұлыбританияда кеселдің құрбан­дары күрт өсті. Бүгінде 45 мың кісі көз жұмса, ауру жұқтырғандар саны миллионға жақындады. Әрине, Қазақстанда да құр­бандар болды. Вирус пен пневмо­ниядан 2 мыңнан аса адам көз жұмды. Дәрі-дәрмек, ауру­ханада жататын орын жетпеді. Осындай қысылтаяңда бюджет ақшасын жегендер де табылды. Пандемия отандық фармацевтика, меди­цинадағы кемшін тұстарды көр­сетіп берді. Дегенмен Президенттің жылдам шешімдері мен қатаң талаптары аурудан зардап шек­кендер санын өсірмеді деуге негіз бар. Мәселен, бірден қалалар ара­сына блок-бекеттер қойылды, оқу процесі онлайнға көшті, әуе, те­міржол қатынасы тоқтатылды. Кө­шедегі ретсіз серуенге, көңіл кө­теру орындарына, той-томалаққа тыйым салынды. Бұл талаптардың орындалуын Үкімет шама-шарқы келгенше бақылады. Алайда үй­ренген беташар, құдалығынан бас тарта алмаған талай кісі бас қосатын жерлерге жасырын барып, кеселді болып оралып жатты. Яғни, мұндай сын сәтінде жауапкершілік билікте ғана емес, қоғамның өзінде де болуы керек еді. Өкінішке қарай, карантинде той жасағандар, ас бергендер, оған барғандар осы міндетті жіті түсінбей жатты. Осыған қарамай, ерекше ре­жимде жұмыс істеген Үкімет Мем­лекет басшысының тапсыр­­мала­рын, әсіресе уақытша жұмыс­сыз, табыссыз қалғандарды әлеу­меттік, материалдық тұрғыда қолдау мә­селесін назарда ұстады. Мұқтаж жандарға аз болса 42 500 теңгеден бірнеше рет үлестірілді. Бұл тұста көмек қолын тек Үкімет емес, белді кәсіпкерлер, қатардағы азаматтар да созғанын атап өткен жөн. Бұл көнеден келе жатқан асар, қайы­рымдылық, қамқорлық ұғы­мы мен құндылықтар ортамызда жоғал­мағанын дәлелдеді. Әлемдік аренадағы ұлттық мүдде. Қазақстан секілді күрделі геосаяси аймақта орналасқан ел үшін алыс-жақын көршілермен, алыстағы алып державалармен тіл табысып, қарым-қатынасты түзеу аса маңызды. Осы факторларды терең түсінген Елбасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап дип­ло­матияда көпвекторлы сыртқы сая­сат ұстанғаны белгілі. Бұл бір адам­ның қалауы емес, Қазақ­стан­ның геосаяси реализмінен туған стра­тегия. Сондықтан жалпы ұзақтығы 10 жыл Сыртқы істер министрі болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың да осы бағытты жалғастыруы тегін емес. Г.Киссинждер «Дип­­лома­тия – бұл күштерді жүгендей алу өнері» деген. Қай заманда да Қазақ­­­станның Мемлекет басшысы Ресей, Қытай, АҚШ, Еуроодақ және Орталық Азия елдерімен тең қатынас ұстап, дипломатиялық балансты сақтай білуіне тура келеді. Қазір АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы, IT-технологиялық күрес ушығып тұр­­ғанда, АҚШ пен Ресей қаруды шектеу келісіміне келе алмай жат­­қанда, Еуроодақтың Ресейге сан­кциялары жалғасып жатқанда атал­ған міндеттің маңызы арта түседі. Осы себепті болар, Прези­дент өзінің алғашқы сапарын Ресейден бастады. Кейін Өзбек­станға ат басын бұрды. Қытайға үлкен делегациямен барды. Көп өтпей АҚШ-та Дональд Трамппен жолықты. Мұның барлығы Қазақ­станның сыртқы саясатының ба­­­сымдықтарын білдірсе керек-ті.

Маңызды про­цестерде республика өз ұста­ны­мын ашық мәлімдейді. Мә­селен, биыл мамыр айында ел басшылары қатысқан Жоғары Еуразиялық эконо­ми­­калық кеңестің оты­рысында Қ. Тоқаев осы ұйымның 2025 жыл­ға дейінгі даму стра­тегиясын қабыл­дамай тастады. Бірден-бір себеп – құжат мүше мемле­кет­тердің мүддесін ескер­мейді, еге­мендігін шектейді.

Осы тұста ескеретін бірнеше жайт бар. Қазір Қазақстан өзгерді, қуат жинады. Бұрынғыдай дер­жавалардың шешіміне алаң­дайтын ел емес. Маңызды про­цестерде республика өз ұста­ны­мын ашық мәлімдейді. Мә­селен, биыл мамыр айында ел басшылары қатысқан Жоғары Еуразиялық эконо­ми­­калық кеңестің оты­рысында Қ. Тоқаев осы ұйымның 2025 жыл­ға дейінгі даму стра­тегиясын қабыл­дамай тастады. Бірден-бір себеп – құжат мүше мемле­кет­тердің мүддесін ескер­мейді, еге­мендігін шектейді. Шын мәнін­де, бұл шешімді Мәскеумен қ­арым-қатынасты жоғары дең­гейде сақ­тай отырып, ұлттық мүддені қорғау, тіп­ті дип­ло­ма­тиялық қыр көрсету деп баға­лау­ға болады. Дипломатияда кездейсоқ эле­мент жоқ. Келіссөздерде мем­ле­кеттердің тарихын, географиясын жақсы білу де өз пайдасын тигізуі мүмкін. 1920 жылы елінің тари­хынан, жер-су аттарынан хабары мол Әлімхан Ермеков Ленинмен келіссөздер жүргізіп, Сібір­рев­комнан қазақтың талай жерін аман алып қалған деседі. Ал шет тілдерін меңгеру мемлекет басшыларымен тікелей тіл табысуға жола ашады. Өзімізде де шетел азаматы қазақша «сәлем» десе, балаша қуанып қа­латын әдетіміз бар. Президент Тоқаевтың ағылшын, қытай, фран­цуз, орыс тілдерінде еркін сөйлеуі дипломатияда өзінше қол­ғабыс. Бірнеше тілде келіссөз, кездесу өткізуі, сұхбат беруі алысты жақын­датпаса да, арадағы кедер­­­­гілерді жоятыны анық. Алысты көздеген шешімдер. Кез келген мемлекет секілді Қазақ­станда да шешімін таппаған әлеу­меттік мәселе жетерлік. Баспана, жалақы, жұмыссыздық, ауызсу, жол сапасы, тағысын тағылар. Прези­дент Тоқаев та аталған әлеу­меттік мәселелермен бетпе-бет келді. Оларды шешуде бюджет қаражатын тиімді пайдаланып, ұзақмерзімді қадам жасау міндеті тұрды. Мұндай шешімдердің жемі­сі бүгін көрінбесе де, бірнеше жыл­­дан соң байқалады. Басым көп­­­­шілік жағдайда аталған мақсат орындалғандай. Қалайша? Алды­мен даулы болған несиені кешіру туралы Жарлықты алайық. Иә, қоғам­да ортақ салықтың есе­бінен өзгенің несиесін кешіруге күмән­­мен қарағандар аз болмады. Себебі мұндай саясат азаматтарды масыл­­­дыққа үйретуі мүмкін еді. Дегенмен бір несиесін төлеу үшін басқа не­­сие алатын қоғамда «қарыз айна­­лымын» немесе «кредит каба­ла­сын» тоқтату мақсатында табан­ды шешім керек болды. Ол – бюджет есебінен әлсіз топтағы азамат­­­­тардың 300 мың теңгеге дейін не­сиесін қазына есебінен төлеу еді. Мұндай қадамның құны аз бол­­мады, 105 млрд теңге. Алайда осы шешімнен кейін банктерге төлем қабілеті төмен кісілерге не­сие беруге де тыйым салынды. Яғни, бейберекет несие таратуға шектеу қойылды. Бұл табысы төмен кісілердің қарыз батпағынан шы­­ғып, тұрмысын түзеуге ықпал етті деуге болады. Дәл осындай алдағы бірнеше жылды ойластыра қабылданған шешімдердің қатарына 300 жас маманды іріктеуді, «5-10-20» (Шаңырақ) тұрғын үй бағдар­ла­масын іске қосуды, мемлекеттік және ұлттық компанияларда штат санын қысқартуды жатқызуға бо­лар. Неге? Жас мамандар мәсе­лесін қарастырайық. Себебі 30-дан енді асып, түрлі салада көзге түсе бас­таған бүгінгі жас көшбасшылар ертең ел тізгінін ұстайтын азаматтар атануы бек мүмкін. Оған қоса, жас кадрларды даярлап, оларға жауапты саланы тапсыру Елбасы кезінен келе жатқан «дәстүр». Яғни, кеңес кезеңіндегі «егде азаматтар үкіметі» орнамауы үшін жас мамандарды бүгіннен даярлау – менеджмент талабы. Ал «Өз үйің – өлең төсегің» дей­тін қазаққа Еуропадағыдай пәтер жалдап, қаладан қалаға ауы­­сатын көшпелі ғұмыр тура келе бермейді. Көпшілік жеке баспанаға қол жеткізсем дейді. Бұл саналы, білімді азаматтың қалыпты қалауы. Ал осы талап-тілекті орындау – Үкі­меттің міндеті. Осыған бай­ланысты Пре­­зидент барлық бас­пана бағдар­ламаларын бірік­тіріп, жаңадан «5-10-20» бағдарламасын бастауды тапсырды. Үй құнының 10 пайызын төлеп, жылына 20 жылға 5 пайыз өсіммен баспана несиесін алу – көпшілік отба­сының жеке мәселесін шешуі мүм­­кін, өйт­кені табысына сай әрі қол­жетімді. Бұл бастама отбасы­­ларды өз қоны­сына қол жет­­кізіп қана қой­майды, тіпті ажы­расу статис­ти­касын кемі­туі де мүмкін. Өйткені талай ерлі-зайыпты жал­дамалы пәтерден шар­шап, ажы­­расып жатқаны жасырын емес. Сөз соңында. Артта қалған 1,7 жыл немесе 600 күндей пре­зиденттік мерзім Қазақстан сын­дарлы беласудан өткенін көрсетті. Билік транзиті, кешенді рефор­малар, оқыс оқиғалар, төтенше жайттар бізді біріктірмесе, әлсі­реткені шамалы. Бұл бағыт әлі де жалғаса берер. Себебі сынақтарға төтеп берудің прези­денттік форму­ласы түзіліп қойған секілді.

БайғараНұрмұхамед БАЙҒАРА