Шымкентте газ құбырынан су аққан үй тұрғындары жылусыз отыр
Шымкентте газ құбырынан су аққан үй тұрғындары жылусыз отыр
231
оқылды

Медеу көшесінің тұрғындары газ жүйесінен кеткен ақаудың кесірінен есептегіш құралына дейін зақым келгенін айтады. 4 күн қатарынан салқын үйде күнелткендер тиісті орындарға хабар берген. Алайда мәселе шешімін таппаған.

Ал жауапты мекеме өкілдері проблеманы шешудің орнына жауапкершілікті бір-біріне сілтеп отыр.    width= Қаратау ауданының әкімі және энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық өкілдері мән-жайды анықтауға кірісті. Ал, су құбырлары мен кәріз жүйесіне жауаптылар газ құбырына судың қайдан келіп жатқаны әлі анықталмағанын айтты. Бұл мәселемен «Қазтрансгаз аймақ» айналысу керек дейді ол.

«Кеңжайық пен Төкеевтің Айбол магазинінің қасында 25 қазанда авария болған. Ол кезде біз газдың трубасының кішкене ақау болған. Одан кейін 104-ке звандап, олардың өздерінің авариный жігіттері келген. Олар оны өшіріп, судың барлығын ағызып, қазіргі таңда бізге штраф салып актілерін түзіп ол орынын жойған. Ал мына Медеу көшесінің ол судың бұл жерге қатысы жоқ», – деді қалалық Су құбырлары және кәріз жүйесі басқармасының басшысы Нұрғали Қосмұратов.

Газ құбырынан су атқыласа да, «Қазтрансгаз» өкілдері мәселені шешкен жоқ. Газ құбырына судың қайдан келгенін де ешкім нақты айта алмайды.