Зоодүкен өртеніп кетті
Зоодүкен өртеніп кетті
185
оқылды

Өрттен жапа шеккен тұрғын ауруханаға жеткізілген, – деп хабарлайды КТК.

Куәгерлердің айтуынша, аумағы 400 шаршы метр дүкеннен сау қалған дүние жоқ. Төтенше жағдай қызметкерлері өртті дер уақытында өшірген соң, жапсарлас салынған үйлерге өрт таралмаған. Өртті сөндіруге 80-ге жуық өрт сөндіруші мен 20-ға тарта техника жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков: «4 қараша күні 18:42-де Әуезов ауданы мен Жармұхамедов көшесі бойында орналасқан дүкеннің өртеніп жатқаны туралы хабар келді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетті. 1 қабатты ғимаратты толықтай шарпыған алапат өрт 19:28-де сөндірілді. Қазір тілсіз жаудың неден тұтанғаны анықталып жатыр», – дейді.