Қарсыласын құтқарып қалды
Қарсыласын құтқарып қалды
263
оқылды

Шабуылшы Бауырдан Тұрысбек матч кезінде қарсыласының өмірін сақтап қалды. Ойын тілінде мұны Fair Play деп атайды. Яғни, бұл футбол тілінде әділ ойнап, қарсыласына жәр­демдескенін білдіреді. Ойыншының қырағылығының ар­қасында   қарсыласы матчқа оралып, ойынды жалғастырды.

Тосын жайт ҚПЛ аясындағы «Оқжетпес» пен «Тараз» матчында болды. Ойын барысында «Оқжетпес» ойыншысы Дарко Зоричтің басына соққы тиеді. Соққы әсерінен оның тілі байланып, тыныс ала алмады. Мұны байқаған Тұрысбек жүгіріп барып, ойыншыны бүйірімен жатқызады. Зоричтің жағы қарысып қалуы мүмкін екенін ескерген ол дер кезінде оның тілін тартып үлгереді. Сөйтіп, «Тараз» шаубылшысы дәрігерлер келгенше қарсыласына жедел көмек көрсетеді. Кейіннен дәрігерлердің тексеруінен кейін жағдайы қалпына келген Зорич ойынды жалғастырды. Матчтан соң болған оқиға туралы ол «мұндай жағдайда ещтеңе ойламай, интуитив түрде әрекет етесіз. Сол сәтте қарсылас деген ұғым болған жоқ» деп айтты. Ал ойын тең нәтижемен (0:0) аяқталды.

Айбике ЖАНАСЫЛ