«Ертістен» ойсырай жеңіліп, чемпиондықтан айырылған «Қайраттың» бас бапкері қалай ақталды? (видео)
«Ертістен» ойсырай жеңіліп, чемпиондықтан айырылған «Қайраттың» бас бапкері қалай ақталды? (видео)
5,351
оқылды

«Астана» қостанайлық «Тобылды» 1:0 есебімен жеңді

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский ҚПЛ 32 турында командасы «Ертістен» 5:0 есебімен жеңілгеннен кейін пікір білдірді. 

«Осындай қиын матчтан кейін сөз айту қиын. Балалардың көңіл-күйі жоқ. Тағы да 90 минуттан үш рет ойнасақ та гол соға алмайтын едік. Агрессия аз болды, бос қалған допқа көп ешкім жүгірмеді, қысым жасай алмадық.

Бірінші таймда гол соғатын мүмкіндіктер болған. Қарсыластар бес рет қақпамызға соққы жасады және бес рет гол соқты. Кубоктық ойында «Тоблымен» ойнаған кез еске түседі. Ол кезде қазақстандық футболшылармен ойнаған едік. Бірақ бұл сылтау емес, анализ жасау керек. 

Жақсылап дайындалдық. Футболшылар өз-өздеріне сенді. Нағыз чемпионат бітер тұста осылай ұтылғанымыз қиын тиеді. Енді бізде үйде өтетін бір ғана кездесу қалды. Сонда жеңіске жетіп, жанкүйерлерге қуаныш сыйлау қажет. 

Біз чемпиондықты қазір емес, чемпионат басталған сәтте жоғалтып қойдық. Біз ол кезде енді-енді бейімделіп жатқан едік.

Менің мінезім сондай, берілмейміз. Келесі маусымда қалай ойнайтынымызды пысықтаймыз. Ойынға деген ықыласы күшті жастар көп. «Ертіске» сәттілік тілеймін. Бұл команданың премьер-лигада қалғанына қуаныштымын» деді Шпилевский.

Еске салсақ, «Астана» қостанайлық «Тобылды» 1:0есебімен жеңіп, алтыншы рет Қазақстан чемпионы атанды. Ал «Қайрат» сырт алаңда «Ертістен» 5:0 есебімен ойсырай жеңілді

https://youtu.be/GFTNQZdIVhY