Әжесі мен әкесін өрттен құтқармақ болған ер адам өзі де қайтыс болды
Әжесі мен әкесін өрттен құтқармақ болған ер адам өзі де қайтыс болды
188
оқылды
Тілсіз жау 1936, 1960 және 1982 жылы туған үш адамның өмірін қиды.

«Алдын ала мәлімет бойынша өрт кезінде егде жастағы әйел мен оның баласы түтінге уланған. Жанында орналасқан ас үйде тұратын немересі өрт сөндіру қызметі келгенше туыстарын құтқарамын деп өзі де улы газдан уланып қайтыс болған», – деп  хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

   width=  width= Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші  бөліміне хабарлама түнде сағат 3:26-да келіп түскен. Өртті сөндіруге 21 адам, 5 техника жұмылдырылды. Сағат 4:24-те минутта өрт толық сөндірілді. Оқыс оқиғаға байланысты тексеру басталды.