Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
192
оқылды
"Қазгидромет" РМК 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 
"Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Ақ теңіз аудандарынан келетін циклон жырасы әсер етеді. Жауын-шашын өтеді, оңтүстік және шығыс бөлігінде кезең соңында қатты жауын-шашын болады. Елдің басым бөлігінде жел күшеюі күтілуде. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады", - делінген хабарламада.