ҮЕҰ, ҚХА және әкімдік өкілдері медиацияны дамыту жолдарын талқылады
ҮЕҰ, ҚХА және әкімдік өкілдері медиацияны дамыту жолдарын талқылады
268
оқылды

Нұр-Сұлтанда «Қоғамдық медиация: теория және практика» тақырыбында онлайн семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА қоғамдық және кәсіби медиаторлары, Senim медиация және татуласу ор­талығының, «Келісім» халықаралық медиация және құқық орталығының өкілдері қатысты.

«Медиация әлеуметтік тұ­рақтылықты арттырудың құ­ралына айналды. Өйткені ме­диация жанжалдарды сотқа дейін реттеу үшін жұмыс істейді, осылайша олардың ушығып, дауға айналуына жол бермейді. Медиацияны жаппай енгізу мен оны халқымыздың құқықтық санасына бейімдеу Қа­зақ­стандағы азаматтық қоғамды дамытуға серпін береді», – деп атап өтті Қазақстан халқы Ас­самблеясы хатшылығы Нұр-Сұлтан Ішкі саясат бас­қар­масының эт­носаралық қа­ты­настар мә­се­лелері жөніндегі бөлімінің бас­шысы Ләззат Құсайынова. Бүгінгі таңда елордада медиа­цияның 6 орталығы бар. Олар отбасылық, азаматтық-құқық­тық, еңбек, корпоративтік дау­ларды шешеді. Сарап­­шылардың пікірінше, көп жағ­дайда кез келген жанжалда бейбіт жол тауып, келіссөздер жүргізуге бо­лады. Сонымен бірге заңна­маны да қолға алу қажет. «Медиация туралы заң бар. Бірақ әзірге медиациялық инс­титуттың әлеуметтік, пси­холо­гиялық процестерді жүргізуге толық іс-әрекеті регла­мент­тел­меген. Әлі күнге дейін ме­диация институтын ғылыми тұр­ғыдан жетілдіруді, мемлекеттік орган­дардың ашықтығы арқылы ақпа­раттандыру жұмыстарын кү­шей­ту, жергілікті әкімшілік пен ом­будсмендерді қатыстыру арқылы медиация саласын да­мытып, бейбіт процестерді жүр­гізуге мүмкіндік тудыра аламыз. Сол кезде олардың беделі артатын болады. Яғни, жүйені жетілдіру қажет», – дейді Нұр-Сұлтан қа­ласының Ішкі саясат бас­қармасы үкіметтік емес сек­тор­мен жұмыс бөлімінің басшысы Нұрбек Пұсырманов. Естеріңізге сала кетейік, бү­гінгі таңда елордада 2 996 ҮЕҰ, оның ішінде 6 медиациямен ай­налысатын ұйым және 3 ме­диация кабинеті бар.

Серік ӘЛІМЖАНОВ