Баланы ұруға заң жүзінде тыйым салынды
Баланы ұруға заң жүзінде тыйым салынды
389
оқылды
Шотландияда ата-аналардың баланы ұрып-соғып тәрбиелеуіне тыйым салатын заң күшіне енеді. Балаға қол көтеруге заң жүзінде шектеу қойған әлемдегі 57-ші ел болмақ, – деп Aikyn.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды. ⠀ Балаларды ұруға алғашқы болып тыйым салған Швеция мемлекеті болатын (1979 ж.). Ал, Шотландияда бұл заң жобасын өңірлік парламенттің 113 адамынан 84-і қолдаған. Тиісті заң қабылданса, 2022 жылдан бастап күшіне енетін болады. Заң жобасын енгізген Шотландиядағы «Жасылдар» партиясының мүшесі Джон Финни бұл балалардың құқығын қорғаудағы батыл қадам болды деген ойда. ⠀ «Бұл шешуші әрі батыл қадам болды. Балалар үлкендер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылықтан қорғалуы керек», – деді Джон Финни.