Коронавирусқа шалдыққан қанша бала емделіп жатқаны белгілі болды
Коронавирусқа шалдыққан қанша бала емделіп жатқаны белгілі болды
5,108
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, денсаулығы күрт нашарлаған науқастар өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

«Қазіргі уақытта коронавирусқа шалдыққан 7 030 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 375 бала бар. Стационарларда 2 813 науқас жатыр. 4 217 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы, науқастардың арасында 190 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр» делінген министрлік хабарламасында.