Жалғызбасты анаға үй салып берді
Жалғызбасты анаға үй салып берді
222
оқылды

Баспана кілтін аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов табыстады. Асарлатып үй салған ауыл тұрғындарына алғыс айтты.

Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасымен бүгінгі күнге дейін ауданда 6 үй пайдалануға берілген. Бәйтерек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жиенғали Жұмағұлов бірлік бар жерде тірлік бар екенін айтты. Тұрғын үйдің салынуына айрықша үлес қосқан ауыл азаматтары, кәсіпкерлер аудан әкімі, аудандық мәслихат және Nur Otan партиясы аудандық филиалының грамотасымен және алғысхатымен марапатталды.

«Әр отбасы басында баспанасы болса, бақытты. Міне, осы бақытты сезініп отырмын. Баспаналы болуыма жағдай жасап, арманымның орындалуына жәрдем еткен облыс, аудан басшысына, барлық азаматтарға алғысым шексіз»,– дейді үй иесі Насиба Юлдашева.