Алматыда сауда орталығы өртенді
Алматыда сауда орталығы өртенді
5,163
оқылды

Сауда орталығы бүгін таңертең өртенген.

«Өрт сөндірушілер келген кезде 2-қабаттан түтін будақтап шығып жатқан. Газ және түтіннен қорғау қызметі тепловизордың көмегімен барлау жүргізіп, өрттің қайдан шыққанын анықтады. Тауарлар мен материалдар сақталған қойма жанып жатты»,– деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт 24 минутта оқшауланып, сағат 07:21-де толықтай сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.