Тұңғыш Президент – Түркістанда
Тұңғыш Президент – Түркістанда
304
оқылды

Түркістан облысына келген сапарында Елбасы – Тұңғыш Президент Н.Назарбаев Түркістандағы бірқатар нысандарды аралап, олардың жұмыстарымен танысты.

Елбасы Тұңғыш Президент саябағындағы ойын-сауық паркінің құрылыс жобаларымен және «Күлтөбе қалашығы» археологиялық сая­бағын құру жобасымен танысты. Одан кейін Нұрсұлтан Әбішұлы кешкісін қаланың рухани-мәдени орта­лығында өткен концертке қатысып, Түркістан облы­сының тұрғындарымен жүз-
десті.

Сөз барысында Нұрсұлтан Назарбаев облыс ор­талығын Түркістан қаласына көшіру туралы ше­шімінің тарихи маңызына тоқталды.

– Тәуелсіздік алған соң Түркістанды астана ре­­тінде қарастырдым. Бірақ өздеріңіз білетіндей, жағ­дай бұған жол бермеді. Бүгін бұл қала облыс ор­талығына айналды, шаһарды жандандыру жұ­мыстары жүргізілуде. Түркістан – түркі әле­мі­нің бесігі. Бауырлас түркі мемлекеттері де біз­ге көмектеседі деп сенемін, – деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті сөз ара­сында қасиетті қаладағы жүріп жатқан құрылыс қар­қынының жоғары екенін атап өтті.

– Бірінші кезеңде 175 нысанның құрылысы жос­парланған. Оның 102-cі биыл іске қосы­ла­ды. Бұл процеске еліміздің барлық өңірлері қа­тысып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы облыс орталығының құрылысы мен жан­дануына атсалысып жатқан барша жұртқа ал­ғысын білдірді.

Концерт соңында Н.Назарбаев қо­л­өнер­шілердің көрмесін аралап көрді. Он­да әлемнің 20 елінен келген шеберлердің жұ­мыс­тары ұсы­нылған.


Елбасы қаладағы бірқатар нысанды ара­лады. Алдымен жаңадан ашылған неке са­райына барып, ондағы жұмыспен танысып, шаңы­рақ көтеріп жатқан жас жұбайлармен әңгімелесті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті жас отау иелерін құттықтап, бақыт пен береке тіледі.

Одан кейін Халыққа қызмет көрсету орта­лы­ғына барған Елбасы халыққа мемлекеттік қыз­мет көрсетудің автоматтандырылған жүйесімен та­нысты және ондағы «бір терезе» қағидасы бойын­ша қызмет көрсету үшін ыңғайлы және са­палы жағдай жасау бойынша қабылданған ша­ралар жөнінде ақпарат берілді.

Келесі кезекте барған жаңа музыка мек­те­бін­де Н.Назарбаевқа өңірде өнер мен мә­дениет са­ласын дамыту үшін қабылданып жат­­қан шаралар жөнінде таныстырылды. Бала­лар шы­ғармашылық ұжымдары Қазақстанның Тұң­ғыш Президентіне бірнеше му­зыкалық қойы­лым көр­сетті.

Одан соң Елбасы «Алатау ме­­диа-орталығы» ғимаратына ат басын бұрды.

Нұрсұлтан Әбішұлы өңірлік БАҚ өкілдері үшін жасақталған жұ­мыс бөлмелерді аралады.

– Шымкент миллион тұр­ғы­ны бар қалаға ай­нал­ды. Осы­ған орай, біз жеке Түркістан облы­сын құрдық. Бұл көптен бері ойым­да жүрген еді. Осы­лайша, біз үлкен құрылыс бастадық. Мұ­­ның бәрі аста­намыздың құ­ры­­­лысын еске түсіреді. Енді елі­­міз­­дің оңтүстігінде тағы бір әде­мі шаһар бой көтеріп ке­леді. Осы­ның барлығы ел игілігі үшін жасалып жа­тыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдеріне.


Түркістан төрінде бой көте­ріп жатқан әкімшілік-іскерлік ор­та­лық­тың құрылысымен та­ныс­қан Елбасы Түркістан облысы әкімдігінің жаңа ғимара­тында бо­лып, Түркістан қаласының ру­ха­ни-мәдени орталығын қай­та құру жұмыстары бойынша аралық нәтижелерімен танысты.

Сондай-ақ Елбасы туризм ин­дустриясын дамыту, су және азық-түлік қауіпсіздігін қамта­ма­­сыз ету саласындағы жобамен та­нысты. Қазақстанның Тұң­ғыш Президентіне болашақ «Түр­­­кіс­тан» халықаралық әуе­жа­йы­ның және 600 орындық көп­бейін­ді ауру­хананың үлгілері көр­­сетілді.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаевқа облыс орталығында инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың нәтижелері тура­лы мәлімет ұсынылды.

Елбасы Түркістанға сапары­ның қорытындысы бойынша отандық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Түркістан аумағында қарқын алған құрылыс жұмыстарының ауқымын атап өткен Елбасы:

«Бүгін мен орасан зор ғима­рат­ты аралап көрдім. Көптеген жаңа нысандар бой көтеріп, жас­тар үшін жұмыс орындары ашылып жатыр. Ауруханалар, мектептер, қонақүйлер, халықа­ра­лық әуежай салынады. Су ресурстарымен қамту саласын­да­ғы мәселелерді шешу жоспар­лан­ған», – деді.

Нұрсұлтан Назарбаев Түр­­кіс­тан мен бүкіл өңірдің ту­рис­­тік әле­уетін дамытудың маңыз­ды­лы­ғын атап өтті.

– Біз мұнда көптеп туристер­ді тартуымыз керек. Бүкіл түркі әлемі Түркістанды орталық деп санайды. Туризм – экономи­ка­ның маңызды бөлігі. Мұнда көп­теген мұражайлар бар. Қа­зір «Күлтөбе қалашығы» архео­ло­гия­лық паркін құру жұмыстары жүр­гізілуде, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.