Әлем чемпионатын кейінге шегерді
Әлем чемпионатын кейінге шегерді
183
оқылды

Трамплиннен секіру бойынша Саппорода өтетін әлем чем­пионатының 4 жарысы кейінге қалдырылды. Бұл туралы Саппороның шаңғы қауымдастығы хабарлады.

Дзюдодан Grand Slam турнирі өткенде спортсүйер қауым қуанған-ды. Әсіресе, алда қысқы спорт түрлерінен бірнеше жарыс күтіп тұрған. Алайда Халықаралық шаңғы федерациясы  9 және 10 қаңтар күндері әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты кубогінің қос сайысын, одан кейін 6 және 7 ақпанға жоспарланған ерлер арасындағы бәсекені кейінге шегерді. Себеп – пандемия. әлем чемпионаты Саппороның шаңғы қауымдастығы  әлем чемпионаты солтүстіктегі бас арал Хоккайдо,  оның астанасы Саппоро қаласында инфекцияның таралуына байланысты кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. Қауымдастық шетелден келетін спортшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ өз спортшыларының денсаулығын бірінші орынға қоятынын, осыған байланысты чемпионатты кейінге шегергенін айтты.

Айбике ЖАНАСЫЛ