Алматыда бір түнде 39 жол апаты болып, екі адам қайтыс болды
Алматыда бір түнде 39 жол апаты болып, екі адам қайтыс болды
167
оқылды

Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуды ескертеді.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада бір түнде 4-7 сантиметр, ал таулы аймақтарда 10-12 сантиметр қар жауған. «13 қараша таңғы сағат 06.00-дегі жағдай бойынша көктайғаққа қарсы 1487 тонна материал пайдаланылды. Сондай-ақ жол бойын, жаяу жүргіншілер жүретін жерлерді, қоғамдық көлік аялдамаларын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстарға 567 бірлік техника, оның ішінде 174 құм шашқыш және 1485 жұмысшы жұмылды. Аудандық әкімдіктерде және қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», – деп хабарлады.