TengriBank-тің экс-басшылары 5,4 миллиард теңге жымқырған деген күдікке ілініп отыр
TengriBank-тің экс-басшылары 5,4 миллиард теңге жымқырған деген күдікке ілініп отыр
146
оқылды

«Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитетінің экономикалық тергеу қызметінің басшылығымен құрылған ведомствааралық жедел-тергеу тобы «TengriBank» АҚ бұрынғы басшыларына қатысты банктің 5,4 млрд теңге қаражатын жымқыру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармағы (аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.

Биыл 9 қарашада Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен 2 айға дейін банктің бұрынғы төрағасының орынбасары Бахтияр Әбдінұрұлы Ильясов, банктің Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары Әсет Өрісбайұлы Жадықов, банк қызметкерлерінің бақылауындағы мекеме басшысы Назгүл Маманшалқызы Жылқыбаеваға (жалған құжаттар арқылы 3 млн АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз несие алған) бұлтартпау шарасы қабылданған.

Айта кетейік, бұған дейін TengriBank-тің экс-басшылары ұсталғанын хабарлағанбыз.