Ақтауда теңіз жағасындағы жартас опырылып құлады
Ақтауда теңіз жағасындағы жартас опырылып құлады
5,181
оқылды
Теңіз жағасындағы жартастың опырылуы қаладағы қонақүйлердің бірінің маңында болған. «Оқиға орнына шұғыл жұмыс тобы барып, тиісті жұмыстарды жүргізіп, қауіпсіздік белгілерін орнатуда. Қауіпсіздік мақсатында жартасты соқпақ жолдар толық жабылды», - делінген Ақтау әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.