Ресейде індет күшейіп тұр. Екінші күн қатарынан 22 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Aikyn.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Соңғы тәулікте 352 адам қайтыс болған. Осылайша коронавирустан жан тапсырғандардың қарасы 33 мыңнан асты. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны 2 млн-ға жуықтады. Дерт әсіресе Мәскеу және Санкт-Петербор қаласы аумағында көп таралған. Биліктің мәлімдеуінше, вирус жұқтырғандардың үштен бірінде аурудың нышандары байқалмаған. Бұған дейін Мәскеуде бірқатар шектеу қатаңдатылып, түнгі клубтар мен жоғары оқу орындарының біразы жабылған. Колледж студенттері қашықтан оқып жатыр.