Қазақстандық футболшы БАӘ клубымен алдағы келісімшарт туралы хабарлады
Қазақстандық футболшы БАӘ клубымен алдағы келісімшарт туралы хабарлады
230
оқылды
Жақын арада 20 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Дінмұхаммед Омаров пен БАӘ клубтарының бірі арасында келісімшартқа қол қойылуы керек. Бұл туралы Aikyn.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап  хабарлайды.

Бұл туралы ойыншының өзі республикалық порталға айтты. Өзінің болашақ клубының атын сұраған кезде ол: «Бұл әлі де құпия. Жақын арада айтамыз» деп жауап берді.

Түркістан облысының тумасы Дінмұхаммед Омаров 2018-2019 жылдары Шымкенттің «Қыран» жастар командасында Қазақстан Чемпионатының Екінші лигасында ойнаған, ал 2020 жылы Бірінші лига турнирінде «Қыран» сапында бес матч өткізді. Еске салайық, «Аль Айн» әмірлігінің қазақстандық легионері Бауыржан Исламхан қазір допинг-сынақтан өтті. Азия Чемпиондар лигасы аясында Исламханның денесінен тыйым салынған препарат табылды. Ойыншы ресми ойындардан уақытша шеттетілді.