Қырғыз Республикасында өтетін президент сайлауына 63 азамат құжат тапсырды. Бұл туралы АКИpress агенттігі хабарлады.
Елдің Орталық сайлау комиссиясына құжаттарды тапсыру 14 қараша күні түнгі сағат 00:00-де аяқталды. Ал үміткерлерді тіркеу 2020 жылдың 14 желтоқсанында аяқталады.
ОСК бас-аяғы 65 адамнан құжат қабылдағанын мәлімдеді. Алайда 2 кісі өз өтінішін кері қайтарып алды. 62 үміткер өзін-өзі ұсынса, 1 азамат саяси партияның атынан түсіп жатыр.
Үміткерлердің үштен бірі – жұмыссыз.
Енді сайлауға қатысу үшін әрбірі 1 млн сом төлеп, 30 мың қол жинауы керек.
Айта кетейік Қырғыз Республикасындағы президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.