Оқиғаның видеосында кездесуге келген тұрғындардың бірі бас дәрігерге дәрімен қамтамасыз етуге байланысты сұрақ қойған.
«Мен жақында жазбаша түрде жүгіндім, емханаңызда дәрі де жоқ, өз ақшама сатып алдым. Емханаға келгенде «дәрі жоқ» деп айтады. Ана жеті миллиард шығыс ақша қайда кетті?» – дейді тұрғын.
«Денсаулық сақтау басқармасы жанынан Талғар аудандық аурухананың бас дәрігері Н. Құлсейітовтің этикалық нормаларды сақтауы және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі ұстауы мәселесін қарастыруғы байланысты комиссия құрылды» делінген ресми хабарламада.