Алматыдағы тиін құлатылмайтын болды
Алматыдағы тиін құлатылмайтын болды
262
оқылды

Алматыдағы «Атакентте» тұрған тиінді бөлшектемейтін болды. Бұл туралы Funk шығармашылық агенттігінің директоры Майра Измаилова хабарлады.

Майра Измайлова Facebook-тегі парақшасында 9 қарашада Алматы қалалық Мәдениет басқармасының бастығы Ернар Құрмашевпен кездескенін және «егер тиін тиісті қалпына жөнделсе, оны құлатпайды» деп сендіргенін жазған.

«Оның бұл жауабы мені қуантты. Өйткені менің осыған қатысты үлкен жоспарларым бар. Бірақ тиінді қайта өңдеу серіктестердің қолдауымен жүзеге асады. Алайда әкімдік тарапынан құлатылмайды деген сенімді кепіл керек. Себебі, осы жөнінде екі айдай болды келіссөздер жүріп жатқаны. Жақын арада   Алматы әкімшілігіне тиіннің басқа да нұсқасын көрсетеміз» деп бөліскен өз парақшасында.