Нұр-Сұлтанда бес көлік соқтығысып, бір адам жарақат алды
Нұр-Сұлтанда бес көлік соқтығысып, бір адам жарақат алды
181
оқылды

Сәрсенбі күні сағат 09:00 шамасында әл-Фараби көшесімен Қошқарбаев көшесіне қарай келе жатқан қоқыс таситын «КамАЗ» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volkswagen Golf автокөлігін соқты.

Соққының салдарынан машина өз жолымен келе жатқан Hyundai Grand Starex-ке соғылған. Содан кейін екі көлік қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Volkswagen Golf КамАЗ-бен, ал Hyundai Grand Starex Лада Калина көлігімен соқтығысады. Бірнеше көлікке ұрынған Volkswagen Golf-тің 27 жастағы жүргізушісі жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өткен соң, үйіне қайтарылды. Жол апатының себебі анықталып жатыр.   https://youtu.be/dtPKIlBRZrg