Көпқабатты үйдегі өрттен зардап шеккендер ауруханада жатыр
Көпқабатты үйдегі өрттен зардап шеккендер ауруханада жатыр
166
оқылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт толықтай сөндірілді.

«17 қараша күні сағат 23:28-де Қашар кенті 13-ӨСБ кезекші пультіне көпқабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабар жетті. Оқиға туралы жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері хабарлады. Құтқарушылар 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтердің жанып жатқанын анықтады. Өрт шамамен 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Түтін көрші пәтерлерге тарала бастады» делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер еденде жатқан 60 жастағы пәтер иесін алып шықты. Оның екі қолы, кеудесі мен арқа бөлігін күйік шалған. Сондай-ақ құтқарушылар 79 жастағы әйелді құтқарды.

«Тағы 20 адам баспалдақ арқылы қауіпсіз аумаққа эвакуацияланды. Жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерді жергілікті ауруханаға жеткізді. Олардың біреуінің жағдайы орташа ауыр», ­– деді ТЖД-ның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Өртті 7 адам 2 арнайы техникамен сөндірді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.