Есірткі саудасы неге өршіп тұр?
Есірткі саудасы неге өршіп тұр?
558
оқылды
  Биыл соңғы 10 айдың көрсеткіші бойынша полиция заңсыз есірткі саласында 1950 қылмысты анықтаған. Оның ішінде өткізу фактісі – 1123  және  контрабанда фактісі – 87. Тәркіленген есірткінің көлемі былтырғымен салыстырғанда 3 тоннаға артқан.

Қызылордада жаз шықса, жаппай есірткі егеді

Биыл жазда бұлақ жанында есірткі еккен Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды. Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан «Бота соққан» деп аталатын жерде бұлақ жанында егілген 240 түп сора өсімдігі (жалпы салмағы 14 кг. 383,28 гр.) және 100 түп көкнар өсімдігі (жалпы салмағы 653,42 гр.) анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жаңақорған ауданының екі тұрғыны ұсталды. Сонымен қатар, күдікті азаматтарды тексеру барысында полиэтилен пакетке оралған кептірілген шөп ұнтақтары айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған ерекше иісі бар зат «кептірілген марихуана» екені анықталған.  width= Тамыздың ортасында Қызылорда облысының тағы бір тұрғыны ұсталды.  Жаңақорған ауданы Кейден ауылындағы алма бақтың ішінде 17 түп жасыл түсті сора өсімдігін еккені анықталды. Салмағы – 4556,31 гр.  width= Күздің басында Қызылорда облысында құмның арасына белгісіз біреулер екі есірткі алқабын еккендігі анықталды. Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылынан күн батысқа қарай шамамен 200 шақырым жерде орналасқан “Қара ой” деп аталатын құмды далада 20 соттық болатын, арнайы дайындалған егістік алқаптан ерекше исі бар жасыл түсті 5 032 түп шөп анықталған. Күдіктілер дер кезінде ұсталыпты.

Түрмедегілер есірткі алдыртады

Таяуда Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінің бірінде қалташадағы шайдан есірткі табылды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/17 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға келген сәлем-сауқаттарды қабылдау барысында мекеме қызметкерлері «ерекше» сәлемдемені тауып алған. Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан “А” деген сотталушыға әкелінген сәлем-сауқаттың ішіндегі шай қалташаларының құрамы алмастырылып, 7 қалташадағы шайдың орнына ұнтақ тәріздес әрі ерекше иісі бар зат салынған болып шықты. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сот сараптамасы тағайындалып, алынған заттың 37 гр гашиш екені анықталды.
Есірткі заттарын жазасын өтеп жатқандарға жөнелтуші «жанашырлар» өздерінің әрекеттеріндегі қылмыс құрамын және оның салдарынан туындайтын жауаптылықты түсіне бермейді. Сәлем-сауқатты жолдаушы азамат қылмыстық жауаптылыққа тартылып, өзі де темір торға тоғытылуы мүмкін, – деді Департамент бастығының орынбасары Қанат Зиянов.
Осы күзде Алматы облысында Жетісу түрмесіне скотчпен оралған екі орам жасыл түсті затты Ә.Қ деген азамат алып келіп, негізгі қоршау арқылы колонна ауласына лақтырмақ болған сәтінде ұсталды. Осы факт бойынша Қапшағай қалалық жедел тергеу тобы оқиға орнына келіп, тәркіленген заттың орамын ашқанда есірткіге тән иіс шыққан. Бұл оқиға бойынше ҚР ҚК 297-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  width= Таяуда Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА 155/12 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп отқан сотталушы Ж.Тишимбаевқа 4 тамызда Алматы облысы Көксу ауданының тұрғыны Н.Жұмабаев сәлемдеме әкелді. №2136 өтінішпен рәсімделген темекі, шай, колбаса, халва, печенье, тәтті, сүт, вафли, бауырсақ, майка, қаламсап, дәптер, әжетханалық қағаз, газет, тарелка секілді қажеттіліктерді қызметкерлер тексеру барысында тыйым салынған зат анықталды. Полиэтиленді қалташаларға оралған үш дана жасыл, үш дана сұр түсті ұнтақты вафлидің арасына есірткі затын жасырып өткізбек болған әрекеті әшкереленді.  width= 21 қыркүйек күні Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде сәлем-саухаттарды тексеру барысында қаймақтың ішіне жасырынған өзіне тән иісі бар, жасыл түсті шөп табылды.
– Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде мекемеде ҚР ҚК 99-бабы бойынша ұсталынып отырған 18 жастағы күдіктіге арналған заңсыз сәлемдеме жетпеді. Мекемеге Атырау облысы Полиция Департаментінің Жедел-тергеу тобы шақырылып, күдікті азамат ұсталды, – дейді УГ-157/1 мекемесінің күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек Рахманов.

Есірткі сатқандар: етікші, шопан, фармацевт

Алматыда құлағы нашар еститін мылқау етікші шеберханада есірткі сақтаған. Бұл туралы жергілікті тұрғындар «Орбита» шағынауданының учаскелік инспекторларына хабарлады. Хабарлама дереу тексеріліп, расталды.  width= – Бостандық ауданының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде учаскелік полиция инспекторлары полиция көмекшілерімен бірге етікшіні ірі көлемдегі есірткімен ұстады. Белгілі болғандай, күдікті етікші болып жұмыс істейді. Есірткі заты – гашиш оның жұмыс орнынан, аяқ киімнен табылды. Ұсталған адам саңырау және мылқау, сондықтан оны ұстау кезінде ол полиция қызметкерлеріне есірткіні қайдан алғанын және оны қандай мақсатта өзімен бірге сақтағанын түсіндіре алмады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі көлемде сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) бойынша жүзеге асырылады , – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Еділхан Байғараев.  width= Қараша айының ортасында жамбылдық полицейлер Мойынқұм ауданының мал жайылымында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 34 жастағы жергілікті қойшының кішкене вагонынан жалпы салмағы 1 келі 310 грамм кептірілген марихуана тауып, тәркіледі. Сонымен қатар, алты дана мылтық, сондай-ақ қарақұйрықтың етін тәркіледі. Полиция есірткі, психотропты заттар және прекурсорлар сататын дәріханалар арасынан 46 құқық бұзушылықты анықтады. Рейд жүргізу барысында 280 астам шаруашылық жүргізуші субъект тексерілді. Белгілі болғанындай 40 жуық субъект құрамында есірткі заттар бар медициналық препараттарды сату және сақтау ережелерін бұзған, екі дәріхана фармацевтикалық қызметін заңсыз жүргізген. ҚР ІІМ мәліметінше, бұндай препараттар бейінді мамандарда есепте тұрған адамдарға қатаң рецепт бойынша ғана сатылуы тиіс. 36 дәріханада анықталған осындай препараттарды сатуды тәртібін бұзу деректері бойынша материаладар провизорларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін денсаулық сақтау органдарының аумақтық фармацевтикалық бақылау бөліністеріне жолданды. Барлығы 44 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық Кодекстің (Есірткі құралдарды қолдану ережелерін бұзу) 303-бабы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша үш мың АЕК дейін айыппұл, түзеу жұмыстары, немесе үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру, немесе сол мерзімге фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жаза көзделген.

Интернет-дүкендер есірткі сатудың негізгі алаңы

Биыл есірткімен айналысатын  ұйымдасқан 6 топ құрықталды. Оның ішінде жетекшілік еткен бесеуі жауапкершілікке тартылды. Ұйымдастырылған қылмыстық топтың 21 мүшесіне қатысты 33 қылмыстық іс қозғалды. 7 дәрілік зертханада 65 кг-нан астам есірткі дәрілерді тәркіленді. Қара нарықта олардың құны шамамен 1 миллиард теңгені құрайды. Бүгінгі күнге дейін 96 кг синтетика тәркіленді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен он есе жоғары, − дейді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткенов.
Елімізде Telegram-боттар мен интернет-дүкендер есірткіні белсенді сатуда. Олар ашық жарнама жасап, тауарға жеңілдіктер беріп, бағаларын да анық көрсеткен. Ресми дерек бойынша биыл осындай 850-ден астам есірткі сататын сайттарға тыйым салынды. Былтыр есірткі заттарын саудалаған 1200-ден аса сайт бұғатталған болатын.
Бұдан былай заң бойынша есірткіні қолдануға және интернет арқылы сату сынды фактілер ауыр қылмыс қатарына жатқызылады. Өмір бойына я болмаса ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру көзделеді. Осы уақытқа дейін есірткіні жарнамалау бойынша 64 қылмыс анықталды, оның 39-ы сату фактісі бойынша тіркеліп отыр. Сотқа 41 қылмыстық іс жіберілді, − дейді Тілеген Маткенов.
Қазақстанның барлық аймағына есірткі жеткізіп беруге қабілетті ондаған интернет-дүкен бар. Белгілі болғандай, олардың көбі Алматыда шоғырланған. Негізгі клиенттері Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларынан. Олар өңірлердегі дилерлер қызметін жиі қолданады. Сататындары жергілікті қарасора. Таяуда Петропавл қаласында 8 қазанда есірткі саудасын жарнамалаған және сатқан 28 жастағы тұрғын сотталды. Елде мұндай жағдай алғаш рет тіркеліпті. Ол интернет-дүкен арқылы синтетикалық есірткіні насихаттап, сатып келген. Сот оған 12 жыл жаза кесті. Интернет арқылы есірткі сату біздің елде бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Біздегі Шу алқабы мен Ауғанстаннан өтетін есірткінің транзиттік дәлізіне байланысты есірткі тасымалдаудың тұрақты схемасы қалыптасқан. Жыл сайын Bloomberg агенттігі әлем елдеріндегі есірткінің қол жетімділік индексін анықтайды. Бұл тізімде Қазақстан алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына кірмегенімен, бірақ тізімге енген елдерге тасымал жағынан оң ықпал етіп отырғаны анықталған.  width=

Қауіпті аймақтар қандай?

Белгілі болғандай, биыл Түркістан, Қызылорда және Қарағанды ​​облыстарында өсірілген қарасораның 62 плантациясы жойылды. Олардың жалпы ауданы 260 гектардан асады. Сонымен бірге салмағы 20 тоннадан асатын 53 мың қарасора бұталары тәркіленіп, жойылды. Қарасора өсіру әсіресе Қызылорда облысында өршіп тұр. Бұл өңірде биылдың өзінде 48 плантация жойылып, 14 тоннадан астам есірткі өсімдіктері тәркіленіпті. Таяуда патрульдеу кезінде Қарағанды ​​облысында «Toyota Land Cruiser» арнайы жабдықталған екі жол талғамайтын көлігіне жасырынуға тырысқан қызылордалықтар ұсталды. Оларды ұстау үшін қару қолдануға тура келді. Қылмыс орнында қарасора плантациясы, ауылшаруашылық техникалары, сондай-ақ суармалы арық табылды. 468 түп есірткі өсімдігі тәркіленді.