Алматыда қайтадан блокбекеттер қойыла ма?
Алматыда қайтадан блокбекеттер қойыла ма?
165
оқылды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын мазалайтын  сауал өзекті екеніне тоқталды.

Алматы тұрғындары пандемияға байланысты биыл көктемдегідей қаланы жаппаса екен деп алаңдайды.

«Алматыны жабу немесе жаппау біздің өзімізге байланысты. Егер біз маска режимін және әлеуметтік алшақтықты сақтамасақ, шектеу шараларын пысқырмай, той тойлап жүре берсек бұрынға жағдай қайталануы мүмкін. Блок-бекеттер орнатылғанда көпшілік жұмысқа шыға алмай, қалаға жете алмай қалғанын көрдік. Мұнда бәрі тек Алматыға ғана емес, сонымен қатар Алматы агломерациясына байланысты, өйткені біз Алматы облысынан бөліне алмаймыз. Қалаға жұмыс істеуге облыстан көптеген адам келеді. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен медицина қызметкерлері де бар. Сондықтан бәрі бізге байланысты, егер қаланы жаппасын десек, онда карантин тәртібін сақтайық. Әйтпесе, амал жоқ, біз қаланы жабуға мәжбүр боламыз», ­– деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.