Абай ескерткіші қай елдерде орнатылмақ?
Абай ескерткіші қай елдерде орнатылмақ?
331
оқылды

2020 жылы ұлы ақын Абайдың ескерткішін әлемдегі бірқатар елдің астанасында орнатылады. Бұл жайында Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

2020 жылы Германия, Аустрия, Италия, Болгария, Ресей, Грузия, Үндістан, Латвия, Моңғолияның бас қалаларында ұлы ақын Абайдың ескерткішін орнату мәселесін қолға алған.

Осы ретте Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 2006 жылы Мәскеу қаласында ашылған Абай ескерткішін заман талабына сай өзгертіп, жаңа үлгіде қайта жасап орнату туралы ұсыныс енгізуде. Мәдениет және спорт министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі шет елдерде Ұлы ақынның 8 ескерткішін орнатуға атсалысуын сұраған.

Естеріңізге сала кетсек, таяуда Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Абайдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өткен болатын. Сол жиында 2020 жылдың 8 қаңтарында елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шара өтетіндігі белгілі болған еді.